Чикаго полициясының 13 жастағы жасөспірімге оқ атқаны туралы бейне жарияланды
Сәу 17, 2021 12:07 Asia/Almaty
Чикагода 13 жасар баланың өліміне әкелген полицияның оқ атуына қатысты наразылықтардан кейін қаланың азаматтық полициясының әрекет ету кеңсесі атыстың видеосын өз сайтында жариялады.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл видеоның Миннесотада полицияның Джордж Флойд өлтірілген жерден бірнеше миль қашықтықта 20 жасар жігітті атып тастағанынан бірнеше күн өткен соң жариялануы тынышсыздықтарды арттырып, нәсілшілдік пен полицияның зорлық-зомбылығына байланысты шиеленісті күшейтуі мүмкін.