Дерек Шовин Джордж Флойдты өлтіргені үшін кінәлі деп танылды
2020 жылдың 25 мамырында Миннесота штатындағы Миннеаполис қаласында қара нәсілді американдық азамат Джордж Флойдқа қастандық жасаған полиция қызметкері Дерек Шовинді алқабилер барлық баптар бойынша кінәлі деп тапты.
IRNA ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі мәліметінше, CNN жаңалықтар желісі осы жаңалықты жариялап: «Шовин АҚШ уақыты бойынша таңертең сағат 4:55-те Миннеаполис қаласынан 25 миль шығысқа қарай орналасқан Facility-Oak Park Heights түрмесіне ауыстырылды. Қазылар алқасы Шовинді барлық баптар бойынша кінәлі деп тапты. Оған қылмыстық іс-әрекет арқылы ерікті түрде адам өлтіру (екінші дәрежелі кісі өлтіру), қауіпті іс-әрекет жасау арқылы қасақана кісі өлтіру (үшінші дәрежелі кісі өлтіру) және екінші дәрежелі кісі өлтіру айыптары тағылды. Ол үш іс бойынша да кінәлі деп танылды»,- деп хабарлады.
Сот шешімі американдық қоғамда қуаныш толқынын туғызды.