Мөлдір денелі жыланбалық
Сәу 22, 2021 10:25 Asia/Almaty
Жыланбалықтың денесінде толық жетілгенге дейін қызыл қан түйіршігі болмайды. Сол себепті денесі мөп-мөлдір болып көрінеді.
Жыланбалық – жалпы ғажайып тіршілік иесі. Олардың кейбіреулері электрленген, өте қуатты электр шогын бере алады. 800 Вт-тан жоғары электр қуатын өндіріп, өзі көздеген немесе өзіне шабуыл жасаған жануарды есінен тандыра алады. Жыланбалықтардың көбінің денесі толық жетілгенге дейін кристалдай мөлдір болады.