АҚШ Ресей елшілігінің уақытша сенімді өкілін шақыртты
Сәу 24, 2021 12:15 Asia/Almaty
Екі елдің елшілерінің астаналарына оралуына себеп болған АҚШ пен Ресей арасындағы шиеленістің артуынан кейін Вашингтон Мәскеу елшілігінің уақытша сенімді өкілін шақыртты.
Ресейдің АҚШ-тағы Елшілігінің уақытша сенімді өкілі АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілдерімен кездесуінде Ресейдің еуро-атлантикалық аймақтағы тұрақсыздық әрекеттері туралы негізсіз айыптауларды қабылдамады. Жақында бұқаралық ақпарат құралдары Ресей Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Ресейдегі елшілігінің екінші адамын шақыртуы туралы хабар таратты. Бұл әрекет АҚШ-Ресей қатынастарындағы дағдарыс екі елдің елшілерінің астаналарына оралуына себеп болған кезде жасалып отыр.