Фарс облысында Дамаск гүлін жинау науқаны басталды
Сәу 26, 2021 10:55 Asia/Almaty
Сәуір-мамыр айлары Фарс облысында Дамаск гүлі гүлдеп, гүл суын алу науқаны басталды.
Шираз қаласынан 120 км жердегі Мейманд ауданы сәуір-мамыр айларында Дамаск гүлінің хош иісіне толады.
Жыл сайын 1500 га гүл алқабынан 5 мың тонна гүл жиналып, елдің түрлі қалаларына, соның ішінде Кашанға гүл суын алу үшін жіберіледі. Гүл суы Иран халқының мәдени және рухани мұрасының бір бөлігі саналады.