Германиялық нәсілшіл сириялық босқынға зорлық-зомбылық көрсетті
Сәу 27, 2021 10:34 Asia/Almaty
Германияның Эрфурт қаласындағы метрода елдің 39 жастағы азаматы 17 жастағы сириялықты қорқытып, шабуыл жасады, бірақ басқа жолаушылар реакция білдірмеді. Бұл германиялық азамат сириялық босқынға түкіріп, оған шабуыл жасап, оның ұялы телефонын жерге лақтырып: «Жоғал, келген жеріне кет»,- деді. Полиция нәсілшінің бұдан бұрын да әрекеттерінің болғанын айтып, оны тұтқындады.