Америкалық сарапшы АҚШ-тың Иранға сес көрсетуі туралы пікір білдірді
Сәу 30, 2021 11:03 Asia/Almaty
Вильсон институтының сарапшысы Робин Райт бір онлайн сұхбатта Иран тарапынан АҚШ-тың Батыс Азиядағы мүдделеріне төнген қатер жайлы сөз сөйледі.
Ол «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайта оралу үшін Байден үкіметі алдында ауыр жол тұрғанына тоқталып: «ИИР-мен баллистикалық зымырандар жайлы келіссөз өткізу мүмкін емес»,-деді.