Тахтраванчи тұтқындарды босатуға қатысты келісім жасалғаны жайлы ақпаратты теріске шығарды
Maм 03, 2021 11:34 Asia/Almaty
ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі кейбір БАҚ өкілдерінің Иран мен АҚШ-тың өзара 8 тұтқынмен алмасып, Иранның бұғатталған 7 млрд долларын босатуға келіскені туралы таратқан ақпараттарына реакциясында: "Бұл хабар расталмайды",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Маджид Тахтраванчи жексенбі күні: "Иран әрдайым екі елдің тұтқындарымен жаппай алмасу қажеттігін айтып келеді",-деді.
ИИР екі ел арасында тұтқындармен алмасу жобасын сан рет ұсынды, бірақ АҚШ жағы жалған уәждермен оны орындаудан жалтарды.