Хатибзаде: Иранның Вена келіссөздеріндегі ұстанымы – санкцияларды толық жою
https://parstoday.ir/kz/news/world-i52298-Хатибзаде_Иранның_Вена_келіссөздеріндегі_ұстанымы_санкцияларды_толық_жою
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы осы елдің 4+1 тобымен келіссөздеріндегі кесімді ұстанымын АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын толық жою деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 03, 2021 12:04 Asia/Almaty

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы осы елдің 4+1 тобымен келіссөздеріндегі кесімді ұстанымын АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын толық жою деп атады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Саид Хатибзаде дүйсенбі күні баспасөз отырысында Иранның кесімді саясатының АҚШ-тың №2231 қарары негізіндегі барлық міндеттемелеріне толық оралып, нақты орындауын талап ету екенін айтып: "Асықпаймыз, бірақ созылмалы ойынды да бастамаймыз. Қайта оралу бір мезгілде кесімді түрде орын алып, орындалғаны расталуы тиіс",-деді.

Хатибзаде Иран мен АҚШ арасында тұтқындармен алмасу туралы таралған ақпаратқа тоқталып: "Тұтқын мәселесі – адами тақырып. Сондықтан "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мен басқа да келіссөздерден тыс талқыланады",-деді.