Кабулдың «Сейед уш-Шоһада» мектебінде болған жарылыс құрбандарының саны артты
Maм 10, 2021 10:16 Asia/Almaty
Кабулдың батысында «Сейед уш-Шоһада» қыздар мектебі алдында болған жарылыс құрбандарының саны 85 адамға жетіп, 147 адам жараланды.
Әлі күнге дейін ешбір адам немесе топ бұл жарылысқа жауапкершілікті мойнына алмады. Талибан тобы бұл оқиғаға қатыстылығын теріске шығарды.
Иранның Сот органы басшысы, Мәжіліс төрағасы мен Сыртқы істер министрі осы лаңкестік шараны айыптап, Ауғанстан үкіметі мен халқына көңіл айтты.