Қауіпсіздік Кеңесінің Құдс туралы отырысы нәтижесіз аяқталды
Қауіпсіздік Кеңесінің Құдс туралы 10 мамыр күнгі отырысы нәтижесіз, ортақ мәлімдеме шығармай аяқталды. АҚШ осы кезеңдегі соңғы оқиғалар туралы жалпы мәлімдеме жасауды дұрыс деп санамады.
Вашингтон серіктестеріне жағдайды тыныштандыру үшін күш салу керек екенін және осы кезеңде мәлімдеме жасаудың пайдалы болатынына сенімді емес екенін қуаттады. Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері арасында бұдан бұрын Норвегияның 15 мүше мемлекетке ұсынған мәтінге қарағанда жұмсағырақ мәлімдеме жариялау туралы келіссөздер жалғасуда. Тунис пен Қытай бірлесіп жасаған мәлімдеме жобасы Израильден қалашықтар құрылысын, палестиналықтардың үйлерін қирату мен оларды туған жерінен, соның ішінде Шығыс Құдстан шығаруды тоқтатуды талап етуде. Байден үкіметінің Шығыс Құдстағы қазіргі жағдайына қатысты алаңдаушылығына қарамастан, АҚШ-тың Қауіпсіздік Кеңесіндегі ұстанымы және оның сионистік режимнің Шығыс Құдстағы әрекеттеріне қатысты жұмсақ, бұл режимді қатаң сынамайтын мәлімдеме жасаудан бас тартуы Вашингтонның Израильдің палестиналықтарға қарсы қылмыстық әрекеттерін тіпті шамалы болсада сынағысы келмейтінін көрсетеді. осындай жағдайда «БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға жауапты негізгі орган ретінде АҚШ-тың оккупацияланған Палестинадағы, әсіресе Шығыс Құдстағы қазіргі апатты жағдайға қатысты ұстанымы мен сионистік режимнің осы уақытқа дейін ондаған шәһидтер мен жаралыларды қалдырған Газа секторына жаңа қатыгез шабуылдарына немқұрайлы қарау керек пе?» деген сұрақ туындайды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Израильдің палестиналықтарға немесе Сирия мен Ливан сияқты көршілес елдерге қатысты іс-әрекеттері қарастырылған кездегі Вашингтон ұстанымына жасаған шолу АҚШ-тың ешқашан, әсіресе бұл елдің экс-президенті Дональд Трамптың билігі кезінде, Израильді сынайтын қарар қабылдауға жол бермегенін көрсетеді. Батыс Азия мәселелері сарапшысы Джавид Құрбаноғлу: «АҚШ-тың сыртқы саясатындағы стратегиялық негіздердің бірі Израильмен стратегиялық одақтастыққа негізделген»,- деді.