Хатибзаде: Вена келіссөздерінде бастапқы келісім деген тақырып жоқ
https://parstoday.ir/kz/news/world-i52644-Хатибзаде_Вена_келіссөздерінде_бастапқы_келісім_деген_тақырып_жоқ
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы ядролық келіссөздерде бастапқы келісім деген тақырыптың жоқтығын айтып: "Талқыға салынған мəселелердің айтарлықтай бөлігі үш жақты жұмыс топтарында шешімін тапты. Қалған бөлігі саяси шешімдерді қажет етеді",-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 17, 2021 20:09 Asia/Almaty
  • Хатибзаде: Вена келіссөздерінде бастапқы келісім деген тақырып жоқ

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы ядролық келіссөздерде бастапқы келісім деген тақырыптың жоқтығын айтып: "Талқыға салынған мəселелердің айтарлықтай бөлігі үш жақты жұмыс топтарында шешімін тапты. Қалған бөлігі саяси шешімдерді қажет етеді",-деді.

Саид Хатибзаде дүйсенбі күні баспасөз отырысында Middle East Eye агенттігінің "Иранның Сауд Арабиясымен келіссөздерде одан мұнай сатуға көмектесуді және АҚШ санкцияларын айналып өтуді сұрағаны" туралы уəждеріне жауабында: "Бұл бос сөз, шындыққа жанаспайды. Біз Сауд Арабиясымен екі жақты, аймақтық және халықаралық мəселелер туралы сұхбаттастық",-деді.