Хатибзаде: Вена келіссөздерінде бастапқы келісім деген тақырып жоқ
Maм 17, 2021 20:09 Asia/Almaty
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы ядролық келіссөздерде бастапқы келісім деген тақырыптың жоқтығын айтып: "Талқыға салынған мəселелердің айтарлықтай бөлігі үш жақты жұмыс топтарында шешімін тапты. Қалған бөлігі саяси шешімдерді қажет етеді",-деді.
Саид Хатибзаде дүйсенбі күні баспасөз отырысында Middle East Eye агенттігінің "Иранның Сауд Арабиясымен келіссөздерде одан мұнай сатуға көмектесуді және АҚШ санкцияларын айналып өтуді сұрағаны" туралы уəждеріне жауабында: "Бұл бос сөз, шындыққа жанаспайды. Біз Сауд Арабиясымен екі жақты, аймақтық және халықаралық мəселелер туралы сұхбаттастық",-деді.