БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Израильдің қылмыстарына қатысты жақ ашпай отыр
https://parstoday.ir/kz/news/world-i52650-БҰҰ_Қауіпсіздік_кеңесі_Израильдің_қылмыстарына_қатысты_жақ_ашпай_отыр
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Газаға қатысты отырысының нәтижесіз аяқталуы және сионистік режим қырғи ұшақтарының Газадағы тұрғын аудандар мен инфрақұрылымдық нысандарға шабуылдарын үдетуі Газаның жағдайы жайлы ащы əрі өкінішті хабарлардың бір бөлігі ғана.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 17, 2021 21:54 Asia/Almaty

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Газаға қатысты отырысының нәтижесіз аяқталуы және сионистік режим қырғи ұшақтарының Газадағы тұрғын аудандар мен инфрақұрылымдық нысандарға шабуылдарын үдетуі Газаның жағдайы жайлы ащы əрі өкінішті хабарлардың бір бөлігі ғана.

Нетаньяху АҚШ-қа Газаға шабуылдарды жалғастыруға қолдау білдіргені үшін алғыс айтты. Бұл алғыс сионистік режим қылмыстардың əлі күнге дейін неліктен жалғасып жатқанын айқын көрсетіп отыр. Алайда сауал мынада: БҰҰ мен Қауіпсіздік кеңесі осы қылмыстарды тоқтату үшін не істеді?Израильдің Газадағы іс-қимылдарының "адамзатқа қарсы əрекет және соғыс қылмысы" екені анық. Осындай жағдайда Адам құқығы кеңесі аясында Израильдің Палестинадағы қылмыстарына қатысты тексеру комиссиясын құру талабына жауап беру - БҰҰ-ның міндеті.Адам құқығын қорғау ұйымдары, соның ішінде БҰҰ Адам құқығы жоғары комиссариятының кеңсесі кез келген сылтауды пайдаланып, АҚШ пен Израильдің түрлі елдерге зорлық-зомбылық жасауы үшін қарар қабылдайды. Ал қазір тіпті сионистік режимнің осыншама қылмысын талқылап, тексеруге жарамағаны қалай?Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Маджид Тахтраванчи жексенбі күні Қауіпсіздік кеңесінің Палестинадағы соңғы өзгерістерді талқылау үшін өткізген отырысында "Неге Қауіпсіздік кеңесі осындай қылмыстар, қоқан-лоққылар, басқыншылықтарға ұзақ уақыт бойы үнсіз қарап отырды?"деген сұраққа: "Жауап қарапайым. Өйткені АҚШ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі ретінде демократтар кезінде де, республикашылдар кезінде де осы кеңестің кез келген шарасына қарсы шығып, Израильді жүйелі түрде қолдап, осы күнге дейін кеңестің Израильге қарсы 44 қарарының алғынұсқасына вето жариялады.Шын мәнінде 70 жылдан аса үнсіздік пен əрекетсіздік Израиль режимінің көңілін жайландырып, қарсы жауап  берілмейтініне, жазаға тартылмайтынына əбден сендірді.Қорытындылай келгенде, Палестина мəселесі халықаралық құқық пен əділеттік принциптерін қолданбайынша шешілмейді.