Иран мен Армения арасында транзиттік əріптестікті дамыту көзделіп отыр
Иранның Жол және қала құрылысы министрі Иран мен Арменияның тасымал саласындағы əріптестігін кеңейту жолдарын талқылау мақсатында Ереванға барды.
Иранның Жол және қала құрылысы министрі Мұхаммад Ислами Солтүстік-Оңтүстік дəлізінің бір бөлігінде Армения бағытын пайдалану туралы кеңесу үшін жексенбі күні кешке Ереванға барды.
Ислами Арменияның Инфрақұрылым және аймақтық басқару министрі Сурен Папикян мен Экономика министрі Ваган Керобян және Премьер-министрдің орынбасары Мгер Григорянмен кездесіп, сұхбаттасады деп күтілуде.
Ираннан Арменияға транзит пен комбинациялық тасымалды жолға қою, екі елдің арасындағы қатынас пен транзитті жеңілдету жолдарын қарастыру, екі ел арасындағы авиациялық əріптестікті дамыту және əуе рейстерінің жағдайын талқылау, Армениямен тасымал саласында əріптестік жасау туралы меморандумды дайындап, қол қою - осының барлығы Иранның Жол және қала құрылысы министрінің Арменияға сапарының мақсаттарының қатарына жатады.