Конгода жанартау атқылады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i52820-Конгода_жанартау_атқылады
Конго демократиялық республикасының шығысында орналасқан Ньирагонго жанартауы атқылағаннан кейін Гома қаласының тұрғындары эвакуацияланды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 24, 2021 13:47 Asia/Almaty

Конго демократиялық республикасының шығысында орналасқан Ньирагонго жанартауы атқылағаннан кейін Гома қаласының тұрғындары эвакуацияланды.

Сенбі күні кенеттен оянған Ньирагонго жанартауы халықтың үрейін ұшырды. Балқыған лава Гома қаласының əуежайына да жетті. 

Ньирагонго жанартауынан атқылаған лава  мен қызыл түтін Гома қаласының 2 млн  тұрғынын қауіпсіз аймаққа көшуге мəжбүр етті. Кейбіреулер көрші ел Руанданы бетке алды.