Канадада 215 жергілікті баланың мәйітінің қалдықтары табылды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i52942-Канадада_215_жергілікті_баланың_мәйітінің_қалдықтары_табылды
Канаданың батысында бұрынғы мектеп-интернаттың орнында 215 жергілікті баланың мәйітінің қалдықтары табылды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 29, 2021 14:17 Asia/Almaty
  • Канадада 215 жергілікті баланың мәйітінің қалдықтары табылды

Канаданың батысында бұрынғы мектеп-интернаттың орнында 215 жергілікті баланың мәйітінің қалдықтары табылды.

Al Jazeera телеарнасының мәліметінше,  Канаданың батысындағы Британдық Колумбия облысында осы жергілікті балалардың мәйітінің қалдықтары табылғаннан кейін елдің премьер-министрі  Джастин Трюдо: «Балалардың мәйіттерінің табылуы -  адамның жүрегін жаралайтын оқиға»,- деді. Мәлімет бойынша, кейбір балалар тек үш жаста болған. Бұл мектеп-интернатқа 1840-1990 жылдар аралығында кем дегенде 150 000 жергілікті бала түскен деп айтылады. Олардың кейбіреулері ата-аналары мен қоғамнан күшпен тартылып алынған және оларды қорлау фактілері тіркелген.