Канадада 215 жергілікті баланың мәйітінің қалдықтары табылды
Maм 29, 2021 14:17 Asia/Almaty
Канаданың батысында бұрынғы мектеп-интернаттың орнында 215 жергілікті баланың мәйітінің қалдықтары табылды.
Al Jazeera телеарнасының мәліметінше, Канаданың батысындағы Британдық Колумбия облысында осы жергілікті балалардың мәйітінің қалдықтары табылғаннан кейін елдің премьер-министрі Джастин Трюдо: «Балалардың мәйіттерінің табылуы - адамның жүрегін жаралайтын оқиға»,- деді. Мәлімет бойынша, кейбір балалар тек үш жаста болған. Бұл мектеп-интернатқа 1840-1990 жылдар аралығында кем дегенде 150 000 жергілікті бала түскен деп айтылады. Олардың кейбіреулері ата-аналары мен қоғамнан күшпен тартылып алынған және оларды қорлау фактілері тіркелген.