Хатибзаде: Канадада трагедия болған
Иран СІМ-нің ақпарат хашысы Канадада жергілікті балалардың ұжымдық көрі табылғаны туралы хабар таралғанына тоқталып: "Бұл елдің тарихында адами апат орын алған",-деді.
Саид Хатибзаде дүйсенбі күні апталық баспасөз отырысында Iran Press ақпарат агенттігінің сауалына жауабында: "Гуманизм бетпердесінің артына жасырынған елдің өз тарихында осындай трагедиясы бары өкінішті",-деді.
Хатибзадедің айтуынша, Канада үкіметі гуманистік жест көрсетер алдында осы жайттарды өз елінде ұстануы тиістігін ешқашан естен шығармауы керек.
Ол, сондай-ақ, Венесуэлаға екі ирандық кеме жіберілгеніне және америкалық басшылардың сес көрсеткеніне тоқталып: "Басқа елдер сияқты Иранның да барлық халықаралық теңіздер мен мұхиттарда жүріп-тұруына құқығы бар",-деді.
Иран СІМ-нің ақпарат хашысы: "Ешкім есепте қателеспесін. Шыны үйде отырғандар тас атудан абай болсын",-деп ескертті.