Пәкістанда ЭЫҰ-на мүше елдердің Парламент төрағаларының екінші кездесуі басталады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i53002-Пәкістанда_ЭЫҰ_на_мүше_елдердің_Парламент_төрағаларының_екінші_кездесуі_басталады
Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы (ЭЫҰ) отыз жылға жуық уақытта бизнестің жақсы өсуіне қол жеткізбегенімен басқа салалардағы дамуы сәтті болды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 01, 2021 14:02 Asia/Almaty
  • Пәкістанда ЭЫҰ-на мүше елдердің Парламент  төрағаларының екінші кездесуі басталады

Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы (ЭЫҰ) отыз жылға жуық уақытта бизнестің жақсы өсуіне қол жеткізбегенімен басқа салалардағы дамуы сәтті болды.

ЭЫҰ-на мүше елдердің Парламент төрағаларының «Аймақтық келісім үшін парламенттік серіктестікті дамыту» деп аталған екінші кездесуі   бүгін таңертең (1 маусым, сейсенбі) Пәкістанның астанасы Исламабадта басталды.

Пәкістан Парламенті дүйсенбіде Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Мұхаммад Бақер Қалибафтың Исламабадтағы ЭЫҰ-на мүше мемлекеттер спикерлерінің екінші жалпы отырысына қатысатынын мәлімдеді.

ЭЫҰ ЭКО - кең байтақ Азия континентіндегі маңызды аймақтық ұйымдардың бірі. Қазіргі кезде бұл экономикалық ұйымның 400 миллионға жуық халқы бар 10 мүшесімен өзара ынтымақтастық, оның ішінде өнеркәсіп, энергетика, сауда және инвестиция, көлік және транзит салаларындағы ынтымақтастық үшін үлкен әлеуетке ие. ЭЫҰ-ның Ресеймен, Еуропалық Одақпен, Қытаймен, тіпті Үндістан сияқты аймақтық және жаһандық державалармен шекаралас, сонымен бірге Каспий теңізіне, Үнді мұхитына және Парсы шығанағы мен Жерорта теңізіне шығу мүмкіндікке ие. Дүниежүзілік экономика регионализмге бет бұрған қазіргі әлемде және ХХІ ғасырда ЭЫҰ аймақта, тіпті әлемде шешуші рөл атқара алатыны сөзсіз. Алайда, соңғы бірнеше жылда ЭЫҰ әртүрлі себептермен, әсіресе өзінің басымдықтары тұрғысынан  мақсаттарын алға ілгерлете алмады. Осы салада экономика саласындағы сарапшы Мұстафа Салими Мофрад: «ЭЫҰ-ның   саяси факторларының біріне мүше мемлекеттердің саяси құрылымдарының ұқсастықтарының болмауы мен тұрақсыздығы жатады. Қазіргі уақытта Ауғанстан  Ислам республикасы  үкіметіне ие, бірақ бұл елдегі шетелдік күштердің орналасуына ол саяси және қауіпсіздік проблемаларға тап болуда. Орталық Азияда   республикаларында жетпіс жылдық еркін сайлау өтпеген кезеңнен кейін зайырлы жүйелер құрылды. Бірақ Орталық Азия елдерінің тәуелсіздік алғаннан кейін жиырма жылға жуық уақыт өтсе де бұл елдерде авторитаризм сақталып келеді»,- деді.

ЭЫҰ-на мүше елдердің Парламент  төрағаларының  отырысын қорыта, бұл ұйымның соңғы отыз жылда өз ынтымақтастығын экономикалық және сауда-саттықтан саяси және мәдени ынтымақтастыққа ауыстыра алғанын айту керек. Алайда басымдықтар тұрғысынан ЭЫҰ сәтті болған жоқ. ЭЫҰ-ның қызметіне қысқаша шолу бұл ұйымдағы саяси факторлардың әрқашан оның экономикалық аспектілерінен басым болғандығын көрсетеді. Саясат пен экономика әрқашан бір-біріне әсерін тигізгенімен ЭЫҰ-на мүше елдердің көпшілігінде экономиканың үкіметтік сипатына байланысты саясат ұйымның экономикалық шешімдеріне екі есе әсерін тигізді. Сонымен қатар, ЭЫҰ мүшелерінің әрқайсысы бұл ұйымнан тыс ұйымдарға бейім. Мәселен, Түркия Еуропалық Одаққа кіргісі келеді, Орталық Азия республикалары Шанхай ынтымақтастық ұйымына көбірек бейім, ал Пәкістан өзін Оңтүстік Азияның бөлігі деп санайды. Мұндай жағдайда ЭЫҮ мүшелері үшін экономикалық және сауда салаларда тиімді қадамдар жасай алмайтындығы екіталай. Алайда, ЭЫҰ-ның мүмкіндіктері бұл ұйымның басшыларының болашақта ЭЫҰ мүшелерінің экономикалық және сауда-саттық тенденцияларын бұрынғыдан гөрі ынталандыратындай жағдайда.