Ресейдің төрт қаласы Ирандағы президенттік сайлауға дайындалып жатыр
Маусым 15, 2021 08:52 Asia/Almaty
Мәскеу, Санкт-Петербург, Астрахань және Қазан қалалары Ресейде тұратын ирандықтардың дауыс беруіне дайындалуда.
Ресейде өмір сүретін ирандықтар алдағы жұма, 18 маусымда өтетін презденттік сайлауға жаппай қатысып, лайықты адамды сайлауға дайындалуда. Ресейдегі Иранның елшісі видео жариялап, бұл елде тұратын ирандықтарды дауыс беруге қатысуға шақырып: «Мәскеу, Санкт-Петербург, Астрахань және Қазан қалаларындағы сайлау учаскелері жұма күні таңғы сегізден дауыс беретін ирандықтар үшін ашық болады»,- деді.