Ресейдің Теһрандағы елшілігі ISNA және IRNA тілшілерінің қаза болуына көңіл айтты
Маусым 24, 2021 11:28 Asia/Almaty
Ресейдің Теһрандағы елшілігі бейсенбі күні ISNA тілшісі Махшад Карими мен IRNA тілшісі Рейхане Ясинидің Иранның Батыс Әзербайжан облысындағы журналистер мінген автобустың аударылып кетуінен қаза тапқанынан кейін Twitter-дегі парақшасында ISNA мен IRNA тілшілерінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
Урумие көлінің жағдайы туралы репортаж дайындау үшін кеше (сәрсенбіде) тілшілер мінген автобус аймаққа аттанған. Алайда Накаде қаласының маңында автобус аударылып, бірнеше адам зардап шекті. ISNA экологиялық тілшісі Махшад Карими мен IRNA тілшісі Рейхане Ясини қайғылы апатта қаза тапты.