Венесуэла Президенті Раисимен телефон арқылы сөйлесті
Маусым 24, 2021 13:23 Asia/Almaty
Венесуэла Президенті Иранның сайланған Президентімен телефон арқылы сөйлесіп, жаһандық империализмге қарсы қарым-қатынас пен ынтымақтастықты нығайту керектігіне тоқталды.
Fars News агенттігінің хабарлауынша, Николас Мадуро ИИР-ның сайланған президенті Сейед Ибрахим Раисимен телефон арқылы сөйлескеннен кейін бұл жаңалықты өзінің Twitter-дегі жеке парақшасында: «Біз әлемдік империализмнің милитаризміне қарсы ортақ күресті ілгерілету үшін бауырластық қатынастарымызды және ынтымақтастықты нығайтуға келістік»,- деп жазды. Бұған дейін Мадуро Раисиді Ирандағы президенттік сайлауда жеңіске жетуімен құттықтап, Теһран мен Каракас арасындағы қатынастарды тереңдетуге шақырған.