Хатибзаде: Армения Сыртқы істер министрінің сапары алдын ала жоспарланған
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Армения Сыртқы істер министрінің Теһранға сапары алдын ала жоспарланғанын айтып: «Әзірбайжан республикасы өз шекарасын Иранға қарсы үшінші тараптың теріс мақсатта пайдалануына жол бермеуі керек»,-деді.
Саид Хатибзаде бүгін, дүйсенбі күні тілшілермен болған апталық отырысында Иран мен Әзірбайжан арасында пайда болған қайшылықтар туралы: «Иран мен Әзірбайжанның қарым-қатынасы әрдайым даму және кеңею үстінде. Соғыс және одан кейінгі бірнеше айда Иран өзінің принципті саясатын ұстанып, Әзірбайжандағы бауырластарына көмегін аямады»,-деді.
Хатибзаде сионистер мен лаңкестердің Әзірбайжан жерінде орналасқанына тоқталып: «Соғыс басталғаннан осы күнге дейін бізге жеткен мұндай ақпараттарды Бакудағы достарымызға жеткізіп отырдық. Түрлі отырыстарда біздің достарымыз басқа елдерге ешқандай қатер төніп тұрған жоқ деп сендірді. Мұндай ақпараттар бізге әлі де жетіп жатыр. Бірақ өз жолымен Әзірбайжандағы достармен сөйлесуге рұқсат етіңіздер»,-деді.