Сәу 20, 2016 13:48 Asia/Almaty
  • Трамп пен Клинтон Нью-йорк штатындағы партиялардың ішкі сайлауларында жеңіске жетті

Дональд Трамп пен Хиллари Клинтон Нью-йорк штатындағы республикашыл және демократтар партияларының ішкі сайлауларында жеңіске жетті.

Франция ақпарат агенттігінің Нью-Йорктен хабарлауы бойынша, сайлаудың алғашқы нәтижелері бойынша Трамп Нью-Йоркте шамамен 60 пайыз дауысқа ие болып, жеңіске жеткен. Огайо губернаторы Джон Кейсик 25 пайыз, сенатор Тед Круз 14 пайыз дауысқа қол жеткізді.

АҚШ президенттік сайлауының демократтар патриясының үміткері Хиллари Клинтон да кеше Нью-Йорк штатындағы партиялардың ішкі сайлауында 57 пайыз дауысқа ие болып, жеңіске жетті. Берни Сандерс 42 пайыз дауыс жинады.

Нью-Йорктегі бастапқы сайлаулардың нәтижелері бойынша Клинтон өз партиясының екінші үміткері Берни Сандерстен алға шықты.

Тегтер