Қар 15, 2021 14:50 Asia/Almaty
  • АҚШ армиясының Сирияда жасаған соғыс қылмыстары әшкереленді

The New York Times газеті бір мақалада: «АҚШ армиясы Сирияда «ДАИШ-пен күрес» барысында әуе шабуылдарын жасап, ондаған әйел-баланы өлтіріп, соғыс қылмысын жасады. АҚШ армиясы 2019 жылы Сирияда жасаған әуе шабуылдарында 64-тен аса әйел мен баланы өлтіргенін жасырып отыр»,-деп хабарлады.

АҚШ-тың әуе күштері 2019 жылы 18 наурызда Багуз қаласының маңында бірінен соң бірі екі әуе шабуылын жасады. Бұйрықты Сирияда құрлық амалдарын жүргізуге міндетті америкалық арнайы бөлімше берді. Сол кезде осы бөлімшеде болған әуе күштерінің адвокаты «бұл шабуылдар соғыс қылмысы санала алады» деген пікірде болған. Кейіннен АҚШ-тың Қорғаныс министрлігінің бас тергеушісі мен Конгрестің Сенат палатасындағы Қарулы күштер комитетіне ескерткен, бірақ бұған қатысты ешқандай шара атқарылмады. АҚШ-тың Қорғаныс министрлігінің бас тергеушісі 18 наурыз оқиғасына қатысты тексерісті бастады, бірақ ақырында оның есебінде осы әуе шабуылдары жайлы айтылмады. Ешқашан бұл оқиға жайлы тәуелсіз әрі толыққанды тексеріс жүргізілмеді. Ақырында АҚШ армиясы бұл мәселені ұмыттырып жіберді.

Енді The New York Times газетінің мақаласы жарияланып, АҚШ армиясының Сириядағы қылмыстық әрекеттері әшкереленгеннен кейін осы елдің «ДАИШ-ке қарсы» амалдарының жасырын қырларының беті ашылып жатыр.

АҚШ бастаған «ДАИШ-ке қарсы» халықаралық коалиция 2014 жылы осы лаңкестік-тәкфирлік топпен күресу сылтауымен құрылып,  Сирияда әскери амалдарын бастады. Коалиция Сириядағы бейбіт халыққа қарсы көп шабуыл жасап, көптеген адамды өлтіріп, жарақаттады. БҰҰ бірнеше есебінде: «ДАИШ-ке қарсы» халықаралық коалицияның Сириядағы шабуылдары соғыс қылмыстарымен бірдей»,-деп мәлімдеді.   

Сириялық жазушы Ғасан Рамзан Юсеф АҚШ-тың Сириядағы соғыс қылмыстарына тоқталып, халықаралық құқық сарапшыларының пікіріне сүйене отырып: «АҚШ-тың Сириядағы әрекеті – адамзатқа қарсы қылмыс деңгейіндегі соғыс қылмысы»,-деді.

Мынадай сауал туындайды: егер әуе шабуылы барысында халықты қырып-жою соғыс қылмысы саналса, америкалықтар көптеген бомбалаулар барысында Сирия халқын қыру себебі туралы қанағаттанарлық түсініктеме неге бермейді? Керісінше олар бұл мәселеге немқұрайлы қарап, оны қосалқы немесе жанама шығын деп атайды.

Тегтер