Қар 22, 2021 20:26 Asia/Almaty
  • Иран Ауғанстанда баспанасыз қалғандардың жағдайына алаңдайды

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы қыс қарсаңында Ауғанстанда баспанасыз қалғандардың жағдайына алаңдаушылық білдірді.

Хатибзаде апталық баспасөз отырысында қыс қарсаңында Ауғанстандағы босқындар мен баспанасыздардың жағдайы туралы: "Иранның қолдауына ие барлық ұйымдар әсіресе осындай қысылтаяң шақта ауғандықтардың жанында болады",-деді.

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Күн суытты. Ауғанстанда жанармай жеткіліксіз. Иран осы елдің әртүрлі қалаларына әралуан гуманитарлық көмектер жіберді",-деді.

Хатибзаде: "Иран 40 жылдан аса уақыт бойы 4 млн-нан астам ауғандықты қабылдады. Бірақ халықаралық ұйымдар өз міндеттемелерін орындамай отыр. Сондықтан бұл жағдай жалғаса бере алмайды",-деп баса айтты.

Тегтер