Жел 03, 2021 16:36 Asia/Almaty
  • Ирандық фильм АҚШ-тың ұлттық сыншылар кеңесінің 2 жүлдесін жеңіп алды

АҚШ-тың ұлттық сыншылар кеңесі ең үздік шетелдік фильм және жылдың ең үздік оригинал сценарийі жүлделерін ирандық режиссер Асқар Фархадидің «Қаһарман» фильміне берді.

ISNA ақпарат агенттігінің жұма күні хабарлауынша, АҚШ-тың ұлттық сыншылар кеңесінің (NBR) биылғы жүлдегерлері жарияланды. Пол Томас Андерсонның «Ликорис пиццасы» фильмі ең үздік фильм, ең үздік режиссура және жаңа шыққан әртіс (Алана Хаим және Купер Хоффман) номинацияларында үш жүлде жеңіп алды. Иран кинематографиясының өкілі Асқар Фархадидің режиссерлігімен түсірілген «Қаһарман» фильмі ең үздік шетелдік фильм және жылдың ең үздік оригинал сценарийі жүлделерін жеңіп алды.

«Ричард патша» және «Макбет трагедиясы» фильмдері де «Қаһарман» фильмімен бірге АҚШ-тың ұлттық сыншылар кеңесінің екі жүлдесін жеңіп алды.

Тегтер