Амир Абдуллахиан: Иран мен Ауғанстан халықтары туыстық қатынасқа ие
Иран Сыртқы істер министрі Иран мен Ауғанстан халықтарының туыстық қатынасқа ие екенін айтып: «Ауғанстанның қайратты халқының табандылығы ешбір шетелдік құдіреттің бұл елді жаулап, басқара алмайтынын көрсетті»,-деді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан жексенбі күні Ауғанстандағы Талибан уақытша үкіметінің СІМ-нің жетекшісі молда Амирхан Моттакимен кездесуінде Талибан басшыларының біртұтас үкімет құруға оң ұстаным білдіргеніне тоқталып, осыған қатысты тиісті көрсеткіштерді қамтамасыз ету қажеттігін айтты.
Амир Абдуллахиан, сондай-ақ, АҚШ пен одақтастарының 20 жыл бойы Ауғанстанда жүргізген қате саясаттарын айыптап, Ауғанстан мен көршілес елдер арасында қайшылық тудыруды АҚШ-тың аймақтағы саясатының басты мақсаттарының бірі деп атады.
Молда Амирхан Моттаки осы кездесуде ИИР-ның 43 жыл бойы ауған мигранттарын қабылдап отырғанына алғыс айтып, екі халықтың ортақтықтарына тоқталып: «ИИР әрдайым Ауғанстанның жанынан табылып келеді. Ауғанстанның жаңа үкіметі көршілес елдердің еқшайсысына қарсы емес»,-деп баса айтты.