Ақп 25, 2022 14:33 Asia/Almaty
  • Иран СІМ-де Украинадағы өзгерістерге қатысты арнайы штаб құрылды

Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы осы мекемеде Украинадағы өзгерістерге қатысты арнайы штаб құрылғанын хабарлады.

Саид Хатибзаде бейсенбі күні кешке Иранның Екінші арнасына берген сұхбатында Иран СІМ-нің бірнеше аптадан бері  Украинадағы өзгерістерді  жіті бақылап отырғанын және тиісті сараптамалық жұмыстар жасап жатқанын айтып: «Бұл министрлікте Украина мәселесін жақыннан қадағалау үшін арнайы штаб құрылды»,-деді.  

Хатибзаде Иран үкіметінің Украинадағы өзгерістерге қатысты ресми ұстанымы туралы: «Қазіргі таңда Иранның айналасында Каспий теңізі мен Еуразия аймағында болып жатқан оқиғалар – саяси-экономикалық, әскери және мәдени салаларда жылдар бойы атқарылған арандатушылық әрекеттердің салдары. Бұған қатысты ескертулер жасалды, бірақ олар назарға алынбады»,-деді.

Тегтер