Еуроодақ Украинадағы соғысты өршітіп отыр
(last modified Sun, 10 Apr 2022 14:44:29 GMT )
Сәу 10, 2022 20:44 Asia/Almaty
  • Еуроодақ Украинадағы соғысты өршітіп отыр

Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Жозеп Боррель соғыс алаңында Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс аяқталып келе жатқанына тоқталып, екі ел қайшылығын әскери жолмен шешуді қалайтынын білдірді.

Жозеп Боррель Твиттердегі жеке парақшасында Еуроодақтың Ресейге қарсы санкцияларын арттыруды сұрап, санкциялардың энергетика саласын қамту керегін айтты.

Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысының Украинадағы соғысқа қатысты агрессивті ұстанымы Брюссельдің аймақ пен әлемдегі қайшылықтарға қатысты бейбіт ұстанымына кереғар. Еуроодақ осы уақытқа дейін әрдайым өзін аймақ пен әлемдегі қайшылықтарды бейбіт жолмен шешуді жақтаушы ретінде көрсетіп келді. Келіссөз өткізіп, саяси шешім жолын қолдануды баса айтып келді. Бұған қарамастан, Жозеп Боррель қазір Украина жерінде Ресей армиясы және оны жақтайтын содырлар мен Украина армиясы және оны жақтайтын содырлар арасында соғыстың жалғасуын қалайтынын білдірді. Бұл іс 2021 жылы қаңтарда АҚШ-та билік басына демократ Джо Байден келгеннен кейін Атлант мұхитының екі жағының әрекеттестігі артқанын ескергенде мағынаға ие болады. Біржақты саясат ұстанып, Атлант мұхитының ар жағымен қатынасты саясат, сауда, әскери-қауіпсіздік салаларында алшақтата түскен АҚШ-тың бұрынғы Президенті Дональд Трампқа керісінше Байден өзінің барлық күш-қуатын Еуропа мен АҚШ-тың интеграциясына салып, түрлі мәселелерде Брюссельдің жақтауына ие болып, Вашингтонға бәсекелестер мен дұшпандарға қарсы Батыстың біртұтас майданын құруға жұмсап жатыр.

Осы интеграцияның үлгісін қазір АҚШ пен Еуроодақтың Ресейге қарсы біртұтас ұстаным білдіріп, біріккен шаралар қолданып, Украина соғысы сылтауымен Мәскеуге қарсы қысымдарды күшейтуінен көруге болады. Батыстың көзқарасынша, қазіргі таңда Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы АҚШ пен оның серіктестеріне Киевке қару-жарақ және ақпарат тұрғысынан көмектесу арқылы Ресейге қарсы гибридтік соғыс жүргізуге қолайлы мүмкіндік тудырды. АҚШ Ресейді ыдыратуды көздеп жүргеніне бірталай уақыт болды. Еуропаның батыс шекараларына жақын жерде Ресейдің ядролық зымырандары қайта орналастырылғанына және Путиннің Батыстың саяси шараларына қарсы әрекеттеріне алаңдаған Вашингтон мен Брюссель Ресейдің күш-қуатын әлсірету үшін қазіргі теңдессіз жағдайды барынша пайдалануға себеп болып отыр. Ал шындап келгенде Еуроодақтың Ресеймен қарым-қатынасы негізінің АҚШ-тың Ресеймен байланысының болмысынан түбегейлі айырмашылығы бар. Еуроодақ үшін АҚШ жерінде ойнаудың теріс салдары болмақ.