Швейцария Германияның Украинаға оқ-дәрі экспортау туралы өтінішін қабылдамады
Швейцарияның экономикалық істер жөніндегі хатшылығы Германияның Украинаға оқ-дәрі экспортау туралы екі өтінішін қабылдамады.
Ресейдің Украинаға шабуыл жасағанына екі айдан аса уақыт өткен соң Швейцарияның экономикалық істер жөніндегі хатшылығы: "Швейцарияның бейтараптығына байланысты Германияның Украинаға оқ-дәрі экспортау туралы екі өтінішіне теріс жауап берілді",-деп қуаттады.
Ресей 24 ақпанда НАТО-ның арандатушы әрекеттері салдарынан Украинада арнайы әскери операция бастады. Батыс елдері, әсіресе АҚШ Украинадағы текетіресті азайтып, қақтығыстарды тоқтатуға ешқандай әрекет жасамағаны былай тұрсын, Украинаға әскери жабдықтар жіберіп, Ресейге қысым жасау арқылы бейберекеттікті одан ары өршітіп жіберді.