Иран халқы мен басшылары Дүниежүзілік Құдс күніне арналған шеруге қатысты
Сәу 29, 2022 14:24 Asia/Almaty
Иран халқы ел басшыларымен бірге Дүниежүзілік Құдс күніне арналған шеруге жаппай қатысты.
Теһранның ораза ұстаған халқы бүгін, жұма күні Дүниежүзілік Құдс күніне арналған шеруге қатысып, мәлімдемеге қол қойып, Палестина халқына қолдау білдіріп, сионистік режимнің қылмыстарына қарсы тұруды талап етті.
«Дүниежүзілік Құдс күні» шеруі соңғы екі жылда коронавирусқа байланысты ерікті түрде өткен болатын, ал бүгін, жұма күні Иранның түкпір-түкпірінде ораза ұстаған халықтың барлық әлеуметтік топтарының қатысуымен өтті. Әлемнің түрлі аймақтарындағы Палестина халқын қолдаушылар да Дүниежүзілік Құдс күнгі шеруге қатысты.