Оман сұлтаны мен Қатар әмірі Раисиді Ораза айтпен құттықтады
Оман сұлтаны мен Қатар әмірі Иран Президентімен жеке-жеке телефон арқылы сұхбаттасып, Иран халқы мен үкіметін Ораза айтпен құттықтады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Президенті Ибраһим Раиси Оман сұлтаны Хисам бен Тарақ Але Саидпен телефон арқылы сұхбатында Оман халқы мен королдігін Ораза айтпен құттықтап, денсаулық пен құт-береке тіледі.
Оман сұлтаны Хисам бен Тарақ Але Саид та осы сұхбатта Раисиді Оманға сапар шегуге шақырды.
Катар әмірі шейх Тамим бен Хамд бен Халифе Але Сани Раисимен телефон арқылы сұхбатта Иран халқы мен үкіметін Ораза айтпен құттықтады.
Ибраһим Раиси де осы телефон арқылы сұхбатта барша мұсылмандардың Рамазан айында қылған ғибадаттарының қабылдануын тілеп, Катар әмірі мен халқын Ораза айтпен құттықтады.
Иран Президенті ислам әлемінің түкпір-түкпірінде бейбітшілік пен қауіпсіздік орнайтынына үміт білдірді.