АҚШ соғыста Украинаға кибер қолдау көрсеткенін мойындады
(last modified Thu, 02 Jun 2022 13:10:39 GMT )
Маусым 02, 2022 19:10 Asia/Almaty
  • АҚШ соғыста Украинаға кибер қолдау көрсеткенін мойындады

АҚШ-тың кибер амалдар басқармасының басшысы Ресейге қарсы кибер соғыс бастағанын жарияламастан: «Бұл шабуылдар басқыншылық, қорғаныс және қауіпсіздік салаларында жүзеге асырылды»,-деді.

Бұған дейін Мәскеу 24 ақпанда Украинаға соғыс ашқан күннің ертеңінде АҚШ пен Киев демеушілерін Ресейге жүздеген мың кибер шабуыл жасады деп айыптады.  

АҚШ-тың кибер амалдар басқармасының басшысы генерал Пол Накасоне Sky News-ке берген сұхбатында Ресей мен Украина соғысындағы америкалық кибер жауынгерлердің рөлін растап: «Біз барлық салаларда, соның ішінде басқыншылық, қорғаныс және қауіпсіздік бөлімдерінде бірқатар амал атқардық. Бұл амалдар Украина, оның одақтастары мен біздің НАТО-дағы серіктестеріміздің қарсыласуын нығайтты»,-деді.