Венгрия ресейлік газ эмбаргосына қайта қарсылық білдірді
(last modified Tue, 28 Jun 2022 11:26:57 GMT )
Маусым 28, 2022 17:26 Asia/Almaty
  • Венгрия ресейлік газ эмбаргосына қайта қарсылық білдірді

Венгрияның Сыртқы істер министрі Еуропамен Ресей газына тыйым салу туралы келіссөз жүргізгісі келмейтінін мәлімдеді.

 

Петер Сийярто Люксембургте өткен Еуропа кеңесінің көлік, коммуникация және энергетика жөніндегі отырысына қатысып: «Венгрия Еуроодақтың  басқа елдермен ресейлік газды жеткізуге тыйым салу туралы келіссөздер жүргізуге де ниетті емес, өйткені бұл тыйым ел экономикасын күйретеді»,- деді. Ол бұл кездесуге тек нақты күн тәртібімен, Венгрияның ресейлік газ эмбаргосы туралы келіссөздер жүргізгісі келмейтінін жариялау үшін келгенін айтты.