Путин НАТО-ның империалистік амбицияларына баса назар аударды
(last modified Thu, 30 Jun 2022 13:19:40 GMT )
Маусым 30, 2022 19:19 Asia/Almaty
  • Путин НАТО-ның империалистік амбицияларына  баса назар аударды

Ресей Президенті Владимир Путин НАТО-ның «империалистік амбицияларын» айыптады, оның пікірінше, Украина соғысы арқылы НАТО өзінің гегемониясын дәлелдемек.

Путин Еуропаның соғысты жалғастыру және диалогқа қарсы тұру үшін Украинаға қолдауын жалғастыруын өз пікірін растау деп тауып: «Украина мен оның халқының мүддесі Батыс пен НАТО-ның мақсаты емес. Украина мен оның халқы Батыс пен НАТО-ның жеке мүдделерін қорғау құралы. Шындығында, АҚШ бастаған НАТО-ға көптен бері одақтастарын төңірегіне топтастыру үшін сыртқы жау керек еді»,- деді.

Ресей-Украина соғысы Украинаның НАТО-ға кіру ниеті мен Батыстың бұл елге қолдау көрсетуінен кейін басталып,  ұзақ соғысты тудырды және келіссөздер мен соғыстың аяқталуына жолды жапты.  Басқаша айтқанда, НАТО мен АҚШ-тың Мәскеу  мен оның қауіпсіздік талаптары қатысты конструктивті емес және соғыс талап ету ұстанымдары Ресейдің Еуропадағы НАТО-мен әскери қарсыласуын арттырды. Соңғы жылдары Вашингтон мен НАТО Ресейдің Еуропаға қауіп төндіретініне бірнеше рет баса назар аударды.  НАТО шығысқа қарай кеңею саясаты аясында соңғы жиырма жылда Орталық және Шығыс Еуропа елдерін, одан кейін Батыс Балқан елдерін осы әскери ұйымға қосуға көп күш жұмсады. Сонымен бірге ол Ресейге көршілес елдерді  НАТО-ға мүше болдырғыс келеді. Шын мәнінде, Америка Құрама Штаттары басқаратын НАТО-ның маңызды мақсаттарының бірі - Ресейді толық бақылау және шын мәнінде оны қоршау. Сонымен қатар, НАТО-ны дамыту және Еуропа елдері мен көршілерінің мүше болуы осы ұйымның мақсаттарының бірі болып табылады.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Элизабет Трасс НАТО-ның ашық есік саясаты қажет екеніне тоқталып: «Бүгінгі басты мәселе – жаһандық НАТО-ға назар аудару. Өйткені еуропалық аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, Үнді-Тынық мұхиты аймағының (Үнді және Тынық мұхиты) қауіпсіздігіне де қамқорлық жасау керек»,- деді. Шындығында, АҚШ бастаған НАТО Қытай мен Ресейге қарсы өз ықпалын кеңейтіп, саясатын кеңейтуге тырысады. Осыған байланысты Украина соғысы қазір НАТО экспансионизміне негіз болды. Өйткені АҚШ бастаған еуропалық елдер Украинаны өздерінің интервенцияшыл және экспансионистік саясатын жүргізуге міндеттенді. АҚШ-тың бұрынғы барлау және әскери шенеуніктері мойындағандай, Украинада америкалық тыңшылардың болуы АҚШ-тың Ресеймен прокси соғысып жатқанын білдіреді.

Путин: «НАТО қырғи-қабақ соғыстың қалдығы, Мәскеу оны АҚШ саясатын жүзеге асыру құрал  деп біледі», - деп ескертті. Чжао Лицзян, Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «НАТО мүшелері қырғи-қабақ соғыстың атмосферасында,  олар «жау іздеу» мен «нәтижесі нөл болатын ойынды» шетке қойып, Еуропадан кейін, аймақ пен әлемді тұрақсыздандыруға тырыспауы керек»,- деді.

Қазіргі еуропалық саясат әлемдік бейбітшілік пен Еуропаны қорғау бағытында емес, жаугершілік, НАТО-ның әлемде кеңеюін, сондай-ақ басқа елдерге бақылау мен араласуды көздеу сынды. Бұл саясат Еуропа үшін шиеленіс әкеледі.

 

 

Тегтер