Амир Абдуллахиан: Катардың келіссөздері АҚШ-тан экономикалық кепілдік алу болды
ИИР Сыртқы істер министрі Катардың Сыртқы істер министрімен өткізген баспасөз мәслихатында: Катардың келіссөздері АҚШ-тан экономикалық кепілдіктер алу мақсатында өтті және біздің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан басқа талаптарымыз жоқ»,- деді.
Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан кеше (сәрсенбі) Мұхаммад бен Абдулрахман әл-Танимен бірлескен баспасөз мәслихатында: «Дохада біз «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы Иранның экономикалық мүддесіне әсер ететін кез келген нәрсеге АҚШ-тың тиімді кепілдігі мәселесін талқыладық. Американдық тарап бұл мәселеде Иранды сендіре алмады»,- деп мәлімдеді.
Катар Сыртқы істер министрі де: «Көрші елдердегі барлық тараптар мен серіктестер ядролық табыстарға жету және аймақтық диалогтарды бастау үшін сындарлы талпыныс жасауы маңызды. Біз Иранға Катарға сенім білдіргені үшін алғыс айтамыз»,- деді.