Шіл 18, 2022 15:47 Asia/Almaty
  • Қыздар мектептерін ашу Ауғанстанға көмек көрсету шартына айналды

БҰҰ-ның Ауғанстандағы миссиясының (UNAMA) басшысы бұл елге көмек көрсетуді жалғастыруды Талибан үкіметінің қыздар мектептерін қайта ашуымен шарттады.

 

БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету миссиясының (UNAMA) басшысы Маркус Потцел бұл елде қыздар мектептері қайта ашылмаса, халықаралық қауымдастықтың көмегі жалғаспайтынын ескертті.  Маркус Потцел: «Талибан халықаралық қауымдастықтан көмек алу үшін қыздар мектептерін қайта ашу керек. Білім алу – әр адамның құқығы және Біріккен Ұлттар Ұйымы Талибан үкіметінен қыздар мектептерін жабу туралы ұстанымын қайта қарауын күтеді»,- деді.

Талибан үкіметінің Ауғанстанның әртүрлі аймақтарындағы қыздарға арналған мектептер мен білім беру орталықтарын жабу саясаты ішкі наразылықтармен қатар халықаралық теріс реакцияларды тудырды. 2021 жылдың тамызында Ауғанстанда Талибанның билік басына қайта келуімен бұл топ кейбір аймақтарда қатаң заңдарды қолдану арқылы осы елде әйелдер мен қыздардың білім алуына және жұмыс істеуіне тыйым салды. Сәйкесінше, Ауғанстандағы барлық қыздар мектептері жабылды.

Ауғанстандық әйелдердің білім мен жұмыстағы құқықтарын елемегеннен кейін Батыс елдерімен қоса, кейбір халықаралық ұйымдар мен гуманитарлық ұйымдар Талибан үкіметін ауған әйелдеріне қатысты шектеулерді қайта қарауға шақырған мәлімдемелер жасады. Талибан үкіметінің Ауғанстандағы әйелдердің құқықтарын сақтау қажеттігі туралы бірнеше рет өтініш жасалғанына қарамастан, бұл топ бұл өтініштерге назар аудармады және бұл елдегі әйелдер қауымына қатысты шектеулер жалғасуда. Батыс елдері Ауғанстандағы Талибан билігін ресми мойындаудың ең маңызды көрсеткіштерінің бірі әйелдердің құқықтары мен бостандықтарын, әсіресе білім беру және жұмыс салаларында құрметтеу екенін жариялады. Әйелдер қауымдастығына қатысты шектеу саясатының кез келген жалғасуы Талибанға деген сенімсіздіктің артуына және ақырында бұл топпен араласпауға бел байлауының себебі ретінде қарастырылды.

Халықаралық қауымдастық бұл елдегі тәліптер билігін ресми түрде қабылдаудың тағы бір талабы ретінде Ауғанстанда барлық этностардың қатысуымен инклюзивті үкімет құруды тізіп отыр.  Егер Талибан бұл ескертулерді байыппен қабылдамаса, бұл топ билікке келген кезеңде айтарлықтай азайған Ауғанстанға жіберілетін халықаралық көмек Талибан үкіметінің Ауғанстан істерін басқару  проблемаларын бұрынғыдан да күшейтеді.

 

 

 

 

Тегтер