Иран мен Франция басшылары сұхбаттасты
(last modified Sun, 24 Jul 2022 16:39:31 GMT )
Шіл 24, 2022 22:39 Asia/Almaty
  • Иран мен Франция басшылары сұхбаттасты

Иран Президенті: «АҚХА-да Иранға қарсы қабылданған қарар – Иран халқына қысым жасауды көздеген және дағдарыс тудыратын әрекет»,-деді.

Иран Президенті Ибраһим Раиси сенбі күні Франция Президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сұхбатында АҚШ пен Еуропа елдерінің Иранға қарсы конструктивті емес ұстанымдары мен шараларын айыптап: «АҚХА-да Иранға қарсы қабылданған қарар саяси сенімге соққы болды»,-деді.

АҚШ пен Еуропа елдерінің (Ұлыбритания, Франция мен Германия) Иранға қарсы ұсынған қарары 8 шілдеде Қытай мен Ресейдің қатаң қарсылығына қарамастан АҚХА басқарма кеңесінің маусымдық отырысында бекітілді.  

АҚХА бас директорының сионистік режимнен алған жалған ақпаратқа  сүйеніп жасаған асығыс есебіне негізделіп, бекітілген қарарға Иран тиісті жауап берді.

ИИР АҚХА-ның конструктивті емес қатынасы және бекітілген қарарға байланысты қарымта қадамдар жасап, дамыған центрифугалар орнатып, қауіпсіздік камераларын өшіріп тастады.

АҚШ пен Еуропа елдерінің Иранға қарсы әрекеті көрсеткендей, Иранға қарсы санкцияларды жоюға арналған келіссөздердегі Батыс тараптары АҚХА-ның саяси қарарын  Иранға қысым жасау және Вена келіссөздеріндегі тығырықтан шығу құралы ретінде пайдаланады. Шын мәнінде АҚШ АҚХА мен оның техникалық мәселелерін теріс пайдалану арқылы өзінің саудаласу қуатын арттырып, Иранды өзінің заңды талаптарынан кері шегінуге мәжбүрлеуге тырысуда.   

Санкциялардың жалғасуы, агенттікте қарардың бекітілуі, дипломатияда екіқырлы саясаттың қолданылуы, АҚШ-тың Ираға қарсы барынша қысым жасауы – осының барлығы Вашингтон тарапынан сенім тудыру шаралары болып саналмайтыны былай тұрсын, керісінше АҚШ-тың келіссөздерде тағы да «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан бөлек шектен тыс талаптар қойып отырғанын көрсетеді.  

Ал бұл жағдайда ИИР басшылары: «Иран ешқашан қарсы тараптың шектен тыс талаптарына бас имейді»,-деп сан рет мәлімдеді.

Иран Президенті Франция Президентімен телефон арқылы сұхбатында  Иран әлемнің түрлі елдері арасында саяси-экономикалық ынтымақтастықтың айтарлықтай артқанына тоқталып, АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын әлем экономикасына, соның ішінде  Еуропаға зиянды деп санайтынын айтты.     

Тегтер