Зариф: Иран Америкадан өтемақы сұрайды
Иран Сыртқы істер министрі: "Ислам республикасы АҚШ үкіметінің өз мал- мүлкіне кез- келген қол сұғушылығына өтемақы сұрайды" деп мәлімдеді.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Теһранда Македония Сыртқы істер министрі Никола Попоскимен бірлескен ақпарат отырысында: «Ислам республикасы АҚШ-ты өз мал- мүлкін сақтауға жауапты деп санайды. Ал егер оған қол сұқса тиісті кезінде осы елдің үкіметінен өтемақы талап етеді» деді.
Иран Сыртқы істер министрі Иранның 2 млрд доллар байлығына қол сұғу тақырыбы туралы АҚШ- тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керримен өткізген кеңесулеріне меңзеп: «Өкінішке орай, Америка сот мекемелерінің ислам республикасына қарсы халықаралық құқыққа қайшы келетін шешімдерінің ұзақ тарихы бар» деді.
Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ Македонияның Балқан аймағында болуына байланысты мүмкіндіктеріне сілтеме жасап, Македония Сыртқы істер министрінің Теһранға жасаған сапарын қарым-қатынаста ашылған жаңа парақ деп атап, екі ел халқының, сондай-ақ біздің аймақ пен Балқанның бейбітшілігі мен тұрақтылығы үшін пайдалы боларына үміт білдірді.
Македония Сыртқы істер министрі де елінің Иранмен экономикалық ынтымақтастықтарды кеңейтуге мүдделі екендігін қуаттап: «Екі ел арасында туризм саласында мол мүмкіндіктер бар. Оны екі ұлттың игілігі үшін пайдалану керек» деді.