Ресей Украинаның HIMARS зымыранатқыш кешенін жойды
Ресей Қорғаныс министрлігі: "Ресей армиясы Харьков қаласында АҚШ-тың Украинаға сыйлаған екі HIMARS зымыранатқыш кешенін жойды",-деп мәлімдеді.
Ресей Қорғаныс министрлігі дүйсенбі күні Харьков қаласында 53 жалдамалының көзін жойғанын хабарлады.
Ресейдің Украинада арнайы әскери операция бастағанына 5 айдан асты. Ресей мен Украина күштері арасындағы қақтығыстар бірнеше бағытта жалғасып жатыр. Украина күштері АҚШ сыйлаған HIMARS зымыранатқыш кешендері арқылы Ресей армиясының ілгерілеуіне тосқауыл қойдық деп уәж айтып отыр.
Украинаға HIMARS зымыранатқыш кешендерін жіберу жалғаса түскеннен кейін Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров осыдан біраз бұрын: "Мәскеудің Украинадағы арнайы әскери операциясының географиялық нысаналары Донбаспен шектелмейді. Егер Батыс елдері Украинаға алыс қашықтыққа арналған қару-жарақтар жіберуін жалғастырса, бұл нысаналар одан ары кеңи түседі",-деп мәлімдеді.