Медведев: Зеленскийдің тағдыры сотта шешіледі немесе ол комедияға қайтып оралады
Ресейдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары: «Украина Президентінің болашағы сотта шешіледі немесе ол Батыс комедияларындағы қосалқы рөлдерге қайтып оралады»,-деп болжам жасады.
Fars ақпарат агенттігінің жұма күні хабарлауынша, Украинаның шығысындағы Луганск облысына іссапармен барған Дмитрий Медведев Украина басшысы Володимир Зеленскийдің тағдыры жайлы болжам жасаумен қоса, Донецк және Луганск облыстарының басшыларымен кездесіп, осы аймақтағы басты қауіпсіздік шаралары туралы жиналыс өткізді.
Ресейдің бұрынғы президенті Луганскке сапарының себебін «Донбасс пен басқа да азат етілген аудандардың тұрғындарын жақсырақ қорғау» деп атады.
Ол, сондай-ақ Украинадағы соғысты қолдап отыр деген сылтаумен барлық ресейліктерге санкция салуды сұраған Зеленскийге реакциясында: «Зеленскийдің идеялары нацистік Германияның бұрынғы диктаторы Адольф Гитлердің идеяларымен бірдей»,-деді.