Иран Еуропа үштігінің деструктивті мәлімдемесіне реакция білдірді
ИИР Еуропа үштігінің соңғы мәлімдемесін деструктивті әрі шынайы ниетке қайшы деп атап, бұл елдерге: «Дипломатиялық үдерістің бүлдіргі фазасына кірудің орнына кейбір мәселелер жөнінде көзқарас қайшылықтарын жою үшін шешім жолдарын табуда белсенді рөл атқарсын»,-деп кеңес берді.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Насер Канани Чафи сенбі күні кешке Еуропа елдерінің санкцияларды жоюға арналған келіссөздер туралы деструктивті мәлімдемесіне реакциясында: «Еуропаның үш елі осындай ойластырылмаған мәлімдеме жасау арқылы сионистік режимнің келіссөздерді жеңіліске ұшырату жолында қадам жасады. Осындай қатынасты жалғастыратын болса, оның салдарына жауапкершілікті де өз мойындарына алу керек болады»,-деді.
4+1 тобына мүше үш еуропалық ел, яғни «Еуропа үштігі» деп аталатын Германия, Франция және Ұлыбритания сенбі күні ортақ мәлімдеме жасап: «Иран маңызды дипломатиялық мұрсатты пайдаланбады. Иран өзінің ядролық бағдарламасын кез келген қабылдауға келетін азаматтық негіздеуден тыс тәсілмен дамытуды жалғастырып жатыр»,-деп негізсіз уәж айтты.
Иран АҚШ-тың ұсыныстарына жауап берді. Енді кезек Вашингтон тарапында. Қазіргі қысылтаяң кезеңде Еуропа үштігінің қисынсыз әрі деструктивті ұстанымы Иранға қысымды арттырып, Байден үкіметі қойған талаптарды қабылдап, АҚХА көтерген қорғаныс мәселелерін шешу үшін жасалып отыр.
Бұл мәлімдеменің жасалуында Еуропа пен АҚШ-тың үйлесе әрекет еткені көрініп тұр. Өйткені Вашингтон оған бірден қолдау көрсетті.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы сенбі күні Еуропа үштігінің Теһраннан алдын ала таныстырылмаған үш нысанда уран бөлшектерін анықтауды доғаруды талап еткен мәлімдемесі туралы: «Біз үш еуропалық елмен келісеміз: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қайта жаңғыртуды АҚХА-ның Ирандағы үш ядролық сайтта уран бөлшектерін анықтау төңірегінде тексерістер жүргізуін доғарумен байланыстыруға болмайды»,-деді.
Ресей Еуропа үштігінің Иран туралы мәлімдемесін сынап, ядролық келіссөздердің қазіргі жағдайында бұл мәлімдеменің жасалуын «мезгілсіз» шара деп атады.
Қазір Теһран үкіметі Еуропа үштігінің деструктивті ұстанымын ескере отырып, келіссөздердің ілгерілеуі көп жағдайда, әсіресе соңғы жағдайда ИИР-дің бастамалары мен идеяларының нәтижесі болғанын айтып, еуропалық тараптарға әу бастан-ақ келіссөздер үдерісіне қарсы болған және қазір келіссөздерді жеңіліске ұшыратуға талпынып жатқан үшінші тараптардың кеңістік тудыруының ықпалына түспеуді ескертті.