Раиси: Агенттікте Иранның ісін жаппай, келісімге келу мүмкін емес
Иран Президенті АҚХА-дегі Иранның ісін жаппастан ядролық келісімге қол жеткізудің мүмкін еместігін баса айтып: «Еуропа өз саясатының АҚШ-тан тәуелсіз екенін көрсетуі кере»,- деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ибрахим Раиси Франция Президенті Эммануэль Макронмен кездесуінде Иранның әділ және тұрақты келісімге қол жеткізуге дайын екенін баса айтып, бұл келісімге қол жеткізу үшін сенімді кепілдіктер мен Иранның қауіпсіздік істерін жабу қажет деп санады.
Бұл кездесуде Макрон ядролық келісімі ілгерілету жұмыстарын жалғастыруды қажет деп тауып: «Иран мен АҚХА бірлесе әрекет ету арқылы бар жағдайларды шешуге қабілетті және біз бұл тұрғыда Агенттікке саяси қысым көрсетпейміз»,- деді.