Үшінші транзиттік пойыз Ресейден Бандар-Аббасқа жетті
Калий тыңайтқышын тиеген үшінші транзиттік пойыз Ресейден Иранның оңтүстігіндегі Хормозган облысының орталығы Бандар-Аббасқа жетті.
Хормозган облысының темір жол компаниясының бас директоры: «Өткен дүйсенбі және сейсенбі күндері 37 және 39 вагонға калий тыңайтқышын тиеген тағы екі пойыз Ресейден Бандар-Аббасқа келді»,-деді.
Гугучани: «Жалпы 1 млн тонна калий тыңайтқышы Ресейдің «Солин Камз» станциясында пойызға тиеліп, Иранға қарай жөнелтілді»,-деді.
Хормозган облысының темір жол компаниясы бас директорының айтуынша, бұл пойыздар Ресейден шығып, Қазақстан мен Түркіменстанды кесіп өтіп, 3800 км қашықтықты артқа тастап, Иранның Сарахс шекаралық бекетіне жетіп, содан соң Бандар-Аббасқа дейін шамамен 1600 км жол жүріп өтеді.