Раиси: Азия қауіпсіздігі іштен қамтамасыз етілуі керек
(last modified Thu, 13 Oct 2022 19:46:53 GMT )
Қаз 14, 2022 01:46 Asia/Almaty
  • Раиси: Азия қауіпсіздігі іштен қамтамасыз етілуі керек

ИИР Президенті шет елдердің араласуын аймақ мәселелерін шешу жолы емес екенін, Азия қауіпсіздігін іштен қамтамасыз ету керегін айтып: «Шетелдік алпауыттардың Азия аймағына араласуы қиыншылықтарды арттырып жібереді»,-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибраһим Раиси Қазақстаннан қайтып оралғаннан кейін сөйлеген сөзінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін осы құрлықта интеграция, әріптестік пен қауіпсіздікті сақтауға қажетті маңызды механизм деп атап: «ИИР аймақтық әріптестік пен көршілестік саясаттарға, аймақтық және трансаймақтық ұйымдармен ынтымақтастыққа әрдайым көңіл бөлуге талпынады. CICA да солардың қатарында. ИИР басынан-ақ осы ұйыммен әріптесіп келеді»,-деді.

Раиси Иран мен Қазақстанның қарым-қатынасын дамыту туралы: «Қазақстан Президентінің Иранға келуі және менің осы елге баруым, аймақтық саммиттер мен отырыстарға қатысуымыз екі елдің қарым-қатынас деңгейін жоғарылатып жатыр»,-деді.   

Иран Президенті осы сапардың жетістіктерінің бірін Иран мен Қазақстан арасында экономикалық белсенділерге берілген 14 күндік визалық режим деп атап: «Қазақстан басшыларымен кездесулерде сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мәселесі баса айтылды. Бірінші қадамда Қазақстанмен сауда айналымының көлемін 3 млрд долларға жеткізу көзделіп отыр»,-деді.

 

Тегтер