Амир Абдуллахиан: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты хат алмасу мен сұхбаттасу дұрыс бағытта жалғасып жатыр
Иран Сыртқы істер министрі бейсенбі күні Ереванда Армения Сыртқы істер министрімен ортақ баспасөз отырысында Иранға қарсы сұрқия санкцияларды жоюға бағытталған келіссөздер үдерісінің қазіргі жағдайы туралы мәлімдеме жасап: «Санкцияларды жойып, барлық тараптарды «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайтару мақсатындағы келісімнің қорытынды кезеңіне жету үшін хат алмасу мен сұхбаттасу дұрыс бағытта жалғасып жатыр»,-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан осы баспасөз отырысында: «Иранда болған соңғы бүліктер мен тынышсыздықтарға қатысты АҚШ пен кейбір еуропалық елдер асығыс шешім қабылдап, ішкі іске араласса да, келісімде қорытынды нүктеге жету үшін америкалық тараппен хат алмасу жалғасып жатыр»,-деді.
Амир Абдуллахиан қазіргі таңда Иранда барлық нәрсе қалыпты жағдайда жалғасып жатқанын айтып: «АҚШ пен Еуропа елдеріне ескерттік: Қате сараптама жасап, ИИР-дағы бүлікшілер мен лаңкестерді арандатпаңыздар»,-деді.