Ресей армиясы украин жауынгерлерін үлкен шығынға ұшыратты
(last modified Sat, 22 Oct 2022 11:17:03 GMT )
Қаз 22, 2022 17:17 Asia/Almaty
  • Ресей армиясы украин жауынгерлерін үлкен шығынға ұшыратты

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы соңғы тәулікте Ресей күштерінің Украинадағы арнайы операциялары кезінде украин күштері мен олардың әскери позициялары мен техникасына ауыр шығыны келтіргенін мәлімдеді.

Игорь Конашенков соңғы 24 сағатта Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциялары кезінде 240-тан астам украин сарбазының қаза тапқанын хабарлады. Игорь Конашенков Ресейдің Украинадағы басқару орталықтары мен энергетикалық инфрақұрылымдарға қарсы арнайы әскери операциясының жалғасып жатқанына сілтеме жасап: «Бұл операция барысында ресейлік күштер анықталған нысананың барлығын жойып, украиндық күштердің Ресей күштерінің қорғаныс позицияларына енуіне жол бермеді»,- деді.

Жақында Украинаның Қырым көпіріндегі лаңкестік әрекетіне және Киев режимінің бұған дейін де басқа лаңкестік әрекеттеріне жауап ретінде Ресей армиясы елдің инфрақұрылымына, әскери байланыстары мен командалық пункттеріне зымырандық шабуылдар жасады.

 

Тегтер