Раиси: Тәуелсіз елдердің әріптестігі – АҚШ-тың тұрақсыздық тудыру саясатына кесімді жауап
Иран Президенті Ресейдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысымен кездесуінде: "Тәуелсіз елдердің әріптестігі АҚШ-тың тұрақсыздық тудыру саясатына кесімді жауап болмақ",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси кеше, сәрсенбі күні Николай Патрушевпен кездесуінде Иран мен Ресейдің түрлі салаларда стратегиялық әріптестік деңгейін жоғарылатуды көздейтінін айтып, өзара қарым-қатынасты нығаю үстінде және оның перспективасын жарқын деп сипаттап: "Тәуелсіз елдердің әріптестігі – АҚШ пен оның одақтастарының тұрақсыздық тудыру және санкция салу саясатына кесімді жауап",-деді.
Раиси ИИР-дың принципті саясаты соғысқа қарсылық деп баса айтып: "Соғыс аясының кеңеюі барлық елдерді алаңдатады",-деді.
Ресейдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы туралы баяндап: "Саясат, сауда, энергетика, ауыл шаруашылығы және транзит салаларында әріптестікті дамыту үшін белсенді әрекет етуіміз керек. Иран-Ресей ортақ экономикалық комиссиясы да екі ел басшылары қол жеткізген келісімдердің орындалуын жақсы қадағалап отыр",-деді.